HiMedia Laboratories Pvt. Limited (Үндiстан)

 

Қымбатты әріптестер!!!

Қазіргі замандық жаңа технологиялардың жаппай енгізілуіне қарамастан, классикалық микробиологияның таза себіндішығару және кейіннен  микроорганизмдерді анықтау әдістері «алтын стандарт» болып қалып отыр. Жүргізілетін зерттеулердің сапасың арттыратын қажетті шарты Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін реагенттерді қолдану болып табылады. Бүгінгі таңда мұндай талаптарға

Himedia Laboratories (Үндістан) Халықаралық микробиологиялық концерні толық сәйкес келеді.
1975 жылы іргесі қаланған Himedia Laboratories Pvt. Limited (Үндістан) компаниясы әлемдегі микробиологиялық лабораториялар үшін өнім шығарушылардың ең ірілерінің бірі болып табылады. Himedia Laboratories әлемдегі  өндірілетін лабораториялық-диагностикалық реагенттердің ассортименті бойынша абсолюттік лидер болып саналады.

Himedia Laboratories компаниясының сапаны басқару жүйесі ISO 9001:2000, ISO 13485:2003, ISO 9001:2008, WHO GMP, Европалық сапа стандарты (СЕ) бойынша сертификатталынған. Өнім АҚШ-тың азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмек құралдарын бақылау жөніндегі комиссиясында тіркелген, микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтайтын дискілер CLSI, Халықаралық стандартына сәйкес келеді; бұл компанияның өнімдері мен қызметтерінің аса жоғары сапалылығының дәлелі болып табылады. Бұл компанияға өнімдерін дүние жүзінің 85 тен астам еліне шығаруға мүмкіндік берді.

Himedia Laboratories компаниясының өнімдерінің бірнеше артықшылықтары бар: жоғарғы сапалылық, стандарттық, үнемділік,пайдалануға қолайлылық, ассортиментінің әртүрлігі, жоғарғы өсімталдық және жіктеушілік қасиеттері, микроорганизмдерді жедел анықтау үшін тест-жүйелерінің бар екендігі; жеке жұқпалардың қоздырғыштарын бөліп алу үшін  селективті коректік орталардың кең шоғыры; антибиотикті дисклердің көптігі; пайдалануға қолайлығы; халықаралық сапа сертификаттарының бар екендігі; Қазақстан Республикасы Дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық тағайындалым бұйымдарын ұлттық сараптау орталығында тіркелгендігі. Himedia Laboratories-тің қажетті қоспалардың қатаң стандартты жиынтығы бар коректік орталарын қолдану лабораториялар қызметкерлерінің еңбек шығындарын едәуір азайтады, өйткені олар еріте салысымен пайдалануға дайын және оларды қолданушы лабораторияларға біріңғай зерттеу хаттамасы бойынша жұмыс істеуге  мүмкіндік береді; ал бұл мемлекеттік есеп беруді стандарттау мен лабораториялық қызметтің  жұмысын үнемді әрі тиімді үйымдастыру үшін аса қажет.
Шығарылатын өнімдердің ассортименті жағынан Himedia Laboratories компаниясының әлемде теңдесі жоқ . Өнімдердің жалпы саны 25 мыңнан асады. Шығарылатын өнімдердің ішінде коректік орталар ерекше орын алады. Himedia Laboratories құрғақ, даяр, тасымалдық, жаңартылған, селективтік, хромогендік, коректік орталар шығарады. Көптеген орталарға қолдануға даяр, стерильді қоспалар шығарылады.
Himedia Laboratories биотехнология үшін пептондар (ферментті, бактериологиялық, соядан, микологиялық, протеоздық, арнайы т.б.), агарлар (бактериологиялық, ультра таза, иммуноэлектрофорез үшін т.б.), экстрактар (еттен, ашытқылық, бауырдан), казеин және лактальбумин гидролизаттарын, сонымен бірге коректік орталардың басқада құрауыштары сияқты әртүрлі шикізат жеткізіп береді.
Коректік орталар мен антибиотикті дискілердің өсу және диагностикалық қасиеттері Республикалық санэпидемстанцияның референс-лабораторияларында (бактериологиялық, вирусологиялық лабораториялар мен аса қатерлі жұқпалар лабораториясында) сынақтан өтіледі.

Himedia Laboratories компаниясының девизі- «Аса қымбат өмір үшін».
Himedia Laboratories-тің Қазақстан Республикасындағы авторландырылған өкілдігі болып табылады. Клиенттермен ынтымақтастық  жылдардың барысыңда AG Medical Company Himedia Kazakhstan компаниясы өзін сенімді әріптес ретінде көрсетті. Қазіргі таңда компания өнімдері Қазақстан аумағында практикалық, ғылыми және оқыту мақсатында кеңінен қолданыс тапты. Компания өнімдерінің сапасы клиенттер тарапынан жоғарғы бағаланып, ол туралы көптеген жағымды пікірлер түсуде.
AG Medical Company Himedia Kazakhstan компаниясы ынтымақтастықтың кез келген кезеңінде турақты ақпараттық әдістемелік және кеңесшілік қолдау көрсетуге кепілдік береді.

 

«AG Medical Company HiMedia Kazakhstan»  

Representation of HiMedia Laboratories, India
050008, Republic of Kazakhstan Almaty, st. Abay,

62A tel: 7 (727) 250-14-88, 250-66-99, fax: 250-10-21

E-mail: inform@himedialabs.kz